2024 жылдың 23 тамызында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында, «Ембімұнайгаз» АҚ омбудсмені Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлының қатысуымен семинар тыңдаушылары арасында «Мұнай-газ секторындағы мемлекеттік саясат: тиімді басқару және стратегиялық даму» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Нұрлыбек Жұмахметұлы өзінің бай тәжірибесімен бөлісті. Ол мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, сонымен қатар ҚР Мәжілісінің депутаты ретінде елдің саяси және экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі және депутаттық қызметіндегі тәжірибесін мұнай-газ секторындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруде қолданды.
Омбудсмен мұнай-газ саласын тиімді басқару және стратегиялық дамуды қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекет пен жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, экологиялық қауіпсіздік және ұлттық рух мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Кездесу барысында тыңдаушылар Нұрлыбек Жұмахметұлына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мұнай-газ секторы мен мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бұл кездесу қатысушылар үшін жаңа білім мен тәжірибе алмасудың құнды мүмкіндігі болды.