Жаңалықтар

МУЗЕЙ КҮНІ

5-9 қыркүйек аралығында өтетін 5 күндік біліктілік арттыру семинарына қатысушылар Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде қонақта болды.
 
Семинарға қатысушылар мұражайдан палеолит дәуірінен қазіргі заманға дейінгі Атырау өңірінің бай тарихымен танысып, Алтын Орда заманындағы ірі мәдени және сауда орталығы болған Сарайшық қаласынан табылған теңгелер, қыш бұйымдар, монша, мешіт, шеберхана қалдықтарын көріп, құнды ақпараттар алып, күндерін сәтті өткізді.