Жаңалықтар

ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ

05-09 тамыз аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында ұйымдағы өзгерістерді басқаруға арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.

Аталған семинар аясында келесі негізгі тақырыптар талқыланды:

-өзгерістерді басқарудың негізгі принциптері;

-өзгерістердің классификациясы;

-өзгерістерді басқару мен жобаны басқару арасындағы айырмашылықтар;

-өзгерістерді жоспарлау және енгізу.

Тыңдаушылар өзгерістерді басқару мен жобаны басқару аясындағы айырмашылықтарды, К.Грейвздің спиральды динамикасын және ұйымның өзгерістерді жүзеге асырудағы мүмкіншіліктерін зерттеді.

Семинар барысында қатысушыларға алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алатын нақты кейстер ұсынылды. Бұл теориялық білімді бекітіп қана қоймай, әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.