Академияның Атырау облысы бойынша филиалы 22-26 қаңтар аралығында «Ойлау дизайны және адамға бағдарланған трансформация» тақырыбында 5 күндік біліктілікті арттыру семинарын өткізді.
Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар инновациялық шешімдерді әзірлеуде ойлау дизайны және адамға бағдарлану қағидаттарын қолдану бойынша кәсіби құзыреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларын дамытты. Сондай-ақ өзгерістерді басқару, тиімді коммуникацияларды құру, дербестік және шешімдерді қабылдау тәсілдерін меңгерді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ермаханбетов Ерлан Мейрамханұлы семинар тыңдаушыларына дәріс оқып, сауалдарына жауап берді.
Семинар тыңдаушыларының білім алып қана қоймай, тұлғалық дамуын жетілдіру мақсатында «Даму күні» аясында «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Темірбек Мәжитұлымен рухани-танымдық кездесу өтті.
Біліктілік арттыру семинарында жеке тұлға ретінде білім алып жатырған Гүлжанат Өмірбайқызы Филиал жұмысына ризашылығын білдіріп, пікірімен бөлісті.