Жаңалықтар

Отандық тренерлерді іріктеу бойынша конкурс өтті

Бүгін Академияның Атырау облысы бойынша филиалында отандық тренерлерді іріктеу бойынша конкурс өтті.
 
Конкурстың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда кәсіби, жаңашыл мамандарды тарту.
 
Комиссия құрамында Академияның, облыс әкімдігінің және Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері болды, конкурстық комиссияның мүшелері кандидаттарды бірнеше критерийлер бойынша бағалады.
 
Комиссия мүшелері дәріс өткізу кезінде тәжірибеге бағдарланған тәсілді қолдануға ерекше назар аударып, үміткерлерге қосымша сұрақтар қойып, жан-жақты талқыланды.