Жаңалықтар

«Парасаттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

14 наурыз күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Парасаттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинардың мақсаты – қызметтің тиімділігін арттыру үшін кәсіби құзыреттер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту.

Аталған семинарды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары Жахин Нұрлан Серікұлы жүргізді.

Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру және парасаттылықты насихаттау, этика мен имидждің ұжымның моральдық психологиялық және құзыреттілік жағдайына әсері, мемлекеттік қызметшінің бойында парасаттылық қасиетті қалыптастырудың алғышарттары бойынша тәжірибелік кейстерді талдады.