Жаңалықтар

«ПРОАКТИВТІ ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТИІМДІЛІК»

2024 жылғы 18-22 қараша аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Проактивті ойлау және жеке тиімділік» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың проактивті ойлау мен жеке тиімділікті дамыту үшін кәсіби құзыреттілігі мен практикалық дағдыларын арттыру.

Семинар барысында қатысушылар проактивтілікті дамыту принциптері мен жолдарын, басшының SWOT-талдауы және өсу аймақтарын айқындау әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, мақсатқа жетуде өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі ұйымдастыру, бастамашылдық таныту және жауапкершілік тақырыптары кеңінен талқыланды.