Бүгін филиалда ағымдағы жылдың 03– 21 сәуір аралығында өткізілетін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды.
Курстың мақсаты – мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.
Курс барысында тыңдаушыларға мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері, стратегиялық жоспарлау, жобалық басқару негіздері, қызметті басқару және шешімдерді қабылдау, латын графикасы негізіндегі ресми жазылым, сонымен қатар өңірлік компонент пәндерінің мәселелері қарастырылады.
Алғашқы дәрісті филиал профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы «Коммуникативті менеджмент» тақырыбымен бастады.