Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 2023 жылғы 15 мамыр «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды.
Курстың мақсаты – мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.
Курсты ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кабинет меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы ашып, курс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Алғашқы дәрістің дәріскерлері филиалдың профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы және Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, “Үздік мемлекеттік қызметші” төсбелгісінің иегері Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы.