Жаңалықтар

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 2022 жылғы 12 қыркүйете «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды.
 
Курстың мақсаты – мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.
 
Курсты ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының кабинет меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы ашып, курс қатысушыларына сәттілік тіледі.
 
Алғашқы дәрісті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы «Тиімді коммуникация дағдылары» тақырыбымен бастады.