Жаңалықтар

Қайта даярлау курсы өз мәресіне жетті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облыстық филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының соңғы кезеңі өтті.

Бұл кезеңде қатысушылар дайындаған жобалық жұмыстарын ұсынды. Әр жобада күрделі мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
 
Жоба қорғау барысында тыңдаушылар өз ұсыныс пікірлерін ортаға салды.
 
Қайта даярлау курсын сәтті аяқтаған тыңдаушыларымызға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!