Жаңалықтар

«ҚАЛА, АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ»

Академияның Атырау облысы бойынша филиалы Атырау облысы әкімдігі мен Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен 2024 жылдың 14 қазаны мен 12 қарашасы аралығында «Қала, аудан әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру» тақырыбында семинарлар өткізді. Семинар қалалық, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған.

Семинардың басты мақсаты – сайлау заңнамасының негізгі ережелерімен таныстыру және оларды сайлау үдерісінде қолдану тәжірибесін меңгерту арқылы тыңдаушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту.

Семинар қатысушылары сайлау жүйелері мен принциптері, аудан әкімдерін сайлаудың ерекшеліктері бойынша білімдерін жетілдірді.

Семинар барысында теориялық және практикалық білімдер ұштастырылып, қатысушылар сайлау заңнамасын нақты қолдану дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алды.