Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ МЕН МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу тақырыбында Атырау облыстық, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтуде.

Семинар мақсаты: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру.

Дәріскеріміз Айманакумов Азамат Мақсотұлы – Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, сертификатталған тренер
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!