Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ МЕН МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҚҰРМАНҒАЗЫ, ИСАТАЙ АУДАНДАРЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу тақырыбындағы семинар бүгін Құрманғазы және Исатай ауданында жалғасын тапты.

Еске сала кетейік, семинар мақсаты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру.

Осы мақсатта аудандарға іс-сапарымыз басталған болатын.  Айта кету, керек Жылыой, Мақат, Махамбет, Индер аудандарында аталмыш семинар өткізілген болатын.