Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру тақырыбында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының өкілдеріне арналған семинар басталды.
Семинар 26-28 қазан аралығында өтеді.
Семинар мақсаты: Сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдерісінде қолдану тәжірибесі туралы теориялық, қолданбалы білімді кеңейту негізінде сайлау ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру.
Алғашқы күннің дәріскерлері:
Айманакумов Азамат Мақсотұлы – Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, сертификатталған тренер
Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы -ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты