Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – тиімді көшбасшылық пен кәсіби басқарушылардың зияткерлік платформасы

Бүгін Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде филиал директоры Бекіш Азамат Әбділқаилұлының қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру және тәжірибелік дағдыларын дамыту, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Академияның оқуға қабылдау ережелерімен ақпараттандыру.
Брифинг барысында филиал директоры Бекіш Азамат Әбділқаилұлы мемлекеттік қызметшілердің өз білімін, дағдылары мен икемділігін үздіксіз арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, спикер Академияның магистратура мен докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдаудың негізгі ережелері, конкурстық іріктеу кезеңдері және Академияда оқудың артықшылықтары туралы айтты. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.
Академияға қабылдау ережелері туралы ATYRAU облыстық – қоғамдық саяси газетінен оқи аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, құжаттар 23 шілдеге дейін қабылданады. Оқуға түсу бойынша негізгі ақпаратты www.apa.kz сайтынан көруге болады.
Брифингті ұйымдастыруға көмектескені үшін “Атырау-Ақпарат” медиахолдингіне филиал алғыс білдіреді.