2024 жылғы 18 желтоқсан күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне арналған бір күндік семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру, сонымен қатар уақыт ресурстарын тиімді пайдалану, эмоционалды интеллектті дамыту және стресс жағдайларын басқару дағдыларын арттыру болды.
Семинар барысында тайм-менеджмент қағидаттары, уақытты стратегиялық жоспарлау, кәсіби күйзелістердің алдын алу және стресс-менеджмент тақырыптары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар күнделікті жұмыс барысында кездесетін негізгі қиындықтарды шешу тәсілдерімен танысып, практикалық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алды.
Семинардың маңызды бөліктерінің бірі – тәжірибелік жаттығулар мен интерактивті талқылаулар болды. Қызметкерлер жұмыс тиімділігін арттырудың нақты құралдары мен әдістерін меңгерді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram