Бүгін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалында Development day шарасы өтті. Бүгінгі тақырыбымыз 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналды.
Development day қонағы Атырау облысы Мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Айгүл Базарбайқызы.
Development day тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты. Өңірдегі тілдік ахуал».
Шараны филиал директоры Бекіш Азамат ашып беріп, 5-қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтап өтті. Еліміздегі тіл мәселесіне баса мән беріп және қоғам болып қазақ тілінің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керектігін тілге тиек етті.
Development day қонағы Айгүл Базарбайқызы қатысушыларға қазақ тілінің маңыздылығы мен өңірдегі тіл мәселесі жөнінде бірнеше тың ақпараттар беріп өтті. Қазіргі қолданыстағы сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуына тоқталып, қалай қолдану керектігін нақты әрі толығырақ түсіндірді. Толығырақ айтар болсақ, адамның тегі, мекеме атаулары, көше, даңғыл, мереке атауларының және күнделікті қолданыстағы сөздердің қалай қазақша жазылатынын және айтылатыны туралы ақпараттар беріп өтті.
Қатысушылар тіл мәселесінде өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қонағымызбен пікір алмасып, көкейтесті сұрақтарына нақты жауаптарын алды.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі»,- деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, біз бүгінгі күні өз ана тіліміздің маңыздылығына мән беріп, қоғамдағы орнынан жоғалмауына себепші болуымыз керек.