Жаңалықтар

ҚР Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері атты семинар басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру тақырыбында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының өкілдеріне арналған семинар офлайн форматта басталды.
 
Семинар 17-19 қазан аралығында өтеді.
 
Семинар мақсаты: Сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдерісінде қолдану тәжірибесі туралы теориялық, қолданбалы білімді кеңейту негізінде сайлау ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру.
 
Алғашқы күннің дәріскерлері:
 
Мендібаев Сәбит Төремұратұлы – Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, сертификатталған тренер
 
Жұмағалиев Есенжол Таңатарұлы – Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары, сертификатталған тренер
 
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!