Жаңалықтар

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

10-14 маусым аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданында «Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент және стресс-менеджмент» тақырыбында көшпелі біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинардың мақсаты – қатысушылардың уақыт ресурсын тиімді бөлу, эмоционалды қысым жағдайында басымдықтарды анықтау бағытында кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.

Семинар барысында тыңдаушылар стресс-менеджмент және кәсіби күйзелістердің алдын-алу, стресстік жағдайлармен күресудің тиімді стратегияларымен танысып, эмпатияның күші және мемлекеттік қызметте басымдықтарды анықтау, уақыт қысымы жағдайында релаксация әдістерін меңгерді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)