1-5 шілде аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Қызылқоға ауданында «Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент және стресс-менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинардың мақсаты – уақыт ресурсын тиімді бөлу, эмоционалды қысым жағдайында басымдықтарды анықтау бағытында кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Аталған семинар нәтижесінде қатысушылар кәсіби қызметте басымдықтарды басқарудың практикалық құралдарын меңгеріп, эмоционалды интеллект құралдарын қолдану арқылы қызмет тиімділігін арттыру дағдыларын игерді.