11-15 наурыз аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Ресми жазылым және азаматтардың өтініштері бойынша жазба мәтіндер құрастыру дағдылары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинар барысында әдістемелік техникалар арқылы ресми жазылым түрлерімен, жолданым білдірген азаматтармен тиімді коммуникацияға түсудің практикалық кейстерін талдаумен таныс болды.
Сондай-ақ қатысушылар бастамашылық, ынтымақтастық, қызметті басқару құзыреттіліктерін дамытып, аналитикалық-сараптамалық жазбалар құрастыру дағдыларын меңгерді.
«Қазақ тіл шығып бүгін биігіне,
Көз көріп, көңіл иіп сүйінуде,
Ана тіл мәңгі асқақ тұру керек,
Іш тартып, әр қазақтың бүйірінде.
Сезініп бес күннің бос өтпегенін,
Көңілдер күйін кешті көктемінің,
Қимастық сезімменен қоштасамыз,
Дегендей шақырсаңдар келеміз.
Көбейіп абыройлы, арлы ісіміз,
Бірлікпенен жиналсын бар күшіміз,
Басқару академиясы филиалына,
Айтатын шексіз әркез алғысымыз.
Елінің қамын ойлап сабылғандар,
Әрдайым заңға ғана бағынғандар,
Ақынның жүрегінен ақтарылған,
Ақ жарма, ақ тілегін қабылдаңдар», – деп семинар тыңдаушысы Есекеш Адайбек Сәдірұлы Филиал ұжымына өз алғысын білдіріп, жыр арнады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram