Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

25 қазан – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы қызметкерлерді марапаттап, мерекелік іс-шара өткізді.

Салтанатты шара барысында бірқатар қызметкерлерге жоғары марапаттар табысталды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың Құрмет грамотасы мен Академия ректоры Ерлан Әбілдің Құрмет грамотасымен марапатталған қызметкерлер мемлекет алдындағы адал қызметтері үшін құрметке ие болды. Сонымен қатар, Атырау қаласының әкімі, Атырау облыстық сайлау комиссиясы төрағасы және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы атынан Алғыс хаттар берілді.

Академия игілігіне сіңірген еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін жергілікті және атқарушы органдардың персоналды басқару және кадр бөлімдерінің қызметкерлеріне Академия ректоры Ерлан Әбілдің Алғыс хаттары табыс етілді. Бұл марапаттар мемлекеттік қызметтегі жоғары кәсіби стандарттарды ұстанған қызметкерлердің еңбегін мойындаудың белгісі болып табылады.

Мерекелік шара барысында қатысушылар концерттік бағдарламаны тамашалады. Республика күніне арналған бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің еңбегін құрметтеп, олардың қызметке деген ынтасын одан әрі арттыруға бағытталған.