2024 жылғы 22 қарашада Академияның Атырау облысы бойынша филиалы семинар тыңдаушылары Мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, Еуропа чемпионы Ардақ Құттықожаұлы Назаровпен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, патриоттық рухты нығайту және әрбір азаматтың ел алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіру болды. Шара барысында Ардақ Назаров өзінің өмір жолы, спорттық жетістіктері және өмірлік ұстанымдары туралы баяндап, жастарды рухани және физикалық тұрғыдан дамыту қажеттілігін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде спорттың ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы, отансүйгіштік, бауырмалдық және ар-намысты жоғары қоятын тұлғаларды қалыптастырудың маңызы сөз болды. Қатысушылар елімізге адал қызмет етуге, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге және өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырылды.
Бұл кездесу тыңдаушылардың бойында патриоттық сезімді нығайтып, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға, сондай-ақ жеке және кәсіби тұрғыдан дамуына үлкен үлес қосты.