Академияның Атырау облысы бойынша филиалы Махамбет ауданының әкімі Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты –жергілікті басқарудың өзекті мәселелерін талқылау және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша пікір алмасу болды.
Кездесу барысында Қайрат Есқабылұлы ауданның қазіргі ахуалы мен жеткен жетістіктері туралы атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, халықпен тиімді қарым-қатынас орнату маңыздылығын баса айтты.
Семинар тыңдаушылары кездесуде өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, аудан әкімінің тікелей жауаптарын алды. Сондай-ақ, олар өз ұсыныстарын жеткізіп, жұмыс барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Әкім кездесу барысында қызметкерлердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, олардың қызметін одан әрі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram