Жаңалықтар

СЕМИНАР ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

11 қараша күні «Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21502-2022 серфтификаттауға дайындық» және «Қала, аудан әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру» семинары тыңдаушыларына модульдік оқыту қағидаты бойынша ақпарттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Модульдік оқыту – негізгі жұмыстан қол үзбей өз құзыреттерін арттырғысы келетін азаматтарға арналған әдіс. Оқу жылы 6 модульден тұрады. Әрбір модульде офлайн және қашықтан оқыту форматтары қарастырылған. Мұндай тәсіл білім алушыларға оқу материалдарын арнайы кесте бойынша ыңғайлы түрде игеруге мүмкіндік береді.

Іріктеу кезеңдері: аналитикалық эссе жазу және сұхбат кезеңі 4–7 желтоқсан аралығында өткізіледі. Екі кезең де Академия ғимаратында офлайн форматта өтеді.
10 желтоқсанда алдын ала қабылдау бойынша қорытынды шығарылып, 25 желтоқсанда келісімшартқа қол қойылғаннан кейін үміткерлерді Соңғы қабылдау жүргізіледі. 2025 жылдың 13 қаңтарында оқу процесі басталады.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1-30 қараша аралығында admission.apa.kz платформасында онлайн жүзеге асырылады.

Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса, мына нөмерлерге хабарласа аласыздар:
+7 (7122) 51 94 92;
+7 (702) 820-85-60