Жаңалықтар

Сертификаттау емтиханын сәтті тапсырды

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері «Жобалық менеджмент» ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша сертификаттау емтиханын сәтті тапсырды. Нәтижесінде 14 қатысушының 14-і емтиханнан жоғары ұпай жинап, жоба басшысы атанды. Бұл жоғарғы нәтиже 100 %-ды құрайды.

Еске сала кетейік «Жобалық менеджмент» ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша сертификаттуға дайындық семинары 27 ақпан мен 03 наурыз аралығында өткен болатын.

Мемлекеттік қызметшіерді семинар барысында жоба емтиханына дайындаған дәріскер Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Тілдерді дамыту және талдау бөлімінің басшысы, ҚР ISO жобалық менеджмент саласындағы Ұлттық стандарттарға сәйкес IV деңгей бойынша сертификатталған «Тренер-кеңесші» Қуаныш Айгүл Базарбайқызы.

Дәріскерімізге және сертификаттаудан сәтті өткен қатысушыларымызға алдағы күндерге тек сәттілік тілейміз!