-Неліктен адамдар өз мақсаттарына жете алмайды?
-Мақсатты қалай дұрыс қою керек?
⠀
Өмірдегі мақсатыңызға қол жеткізу үшін Сізге SMART жүйесі көмектеседі.
Бүгін Филиал ұжымы мен семинар тыңдаушыларының қатысуымен «SMART мақсат: дұрыс бағдар – нақты нәтиже» тақырыбында кезекті Даму күні өткізілді. Шара барысында Филиалдың жетекші сарапшысы, менеджмент магистрі Лаура Бауыржанқызы Ғазизова адам өміріндегі маңызды үдеріс – мақсатты дұрыс қоюдың қыр-сырымен бөлісті. Қатысушылар SMART әдістерін пайдалана отырып, мақсатты дұрыс қоюды, оған жету жолдарының машықтарын меңгерді. Сонымен қатар, топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды бірлесе орындады және интерактивті дискуссияға белсенді түрде қатысты.