Бүгін ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Атырау ооблысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Тайм менеджмент ұйымдастыру және мотивациялық серпінді арттыру» атты тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды филиал профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Темірболатқызы өткізді.
Қатысушылар өздерінің қызығушылық тудырған сұрақтарын қойып, дәріскер мен мемлекеттік қызметшілер арасында өзара пікір алмасулар болды.
Семинар соңында филиал қызметкерлері Назерке Ғалымжанқызы және Айнұр Айтжанқызы мемлекеттік қызметшілерге Академияға оқу түсу ережелері жөнінде толығырақ ақпарат беріп өтті.
Еске сала кетейік, Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында өтеді.