Жаңалықтар

Тарихқа толы Сарайшыққа саяхат

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының қатысушылары Сарайшық ауылына барып, тарихи мұражайда қонақта болды.

Сарайшық! Салтанаты асқан, мейманасы тасқан шырайлы шаһар. Туған халқының өткеніне бейжай қарамайтын әрбір қазақ үшін бұл қала өзінің тағылымды тарихымен, өрелі өркениетімен, сәнді сәулетімен бағалы, талай марғасқа хандар мен апайтөс батырлар тұлпары тұяғының ізі қалуымен қастерлі.

Семинар тыңдаушылары киелі өлкенің қасиетіне тәу етіп, көне қаламен танысып, тарихи ақпараттармер сусындап қайтты.