Бүгін филиалымыздың профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Нұрсұлу Темірболатқызы Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесінде “Тиімді коммуникациялық дағдылар” тақырыбында мотивациялық дәріс оқыды.
Дәріс барысында тайм менеджмент, адамдармен қарым-қатынас жасаудағы психологиялық әрекет, эмоциялық-интеллект, тұтынушымен коммуникация орнату тақырыбында ақпараттар беріп өтті.
Тыңдаушыларымыз көкейтесті сұрақтарын қойып, дәріскерімізге құнды ақпараттары үшін алғыстарын білдірді.