Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлескен шара өткізілді.
⠀
Шараны Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс психолог-суицидологі, «Медициналық психология және әлеуметтік қорғау» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалы директоры Шарипова Ақмарал Мақсотқызы жүргізді.
⠀
Қызметкерлердің жұмыстан тыс сергу, ұжым арасындағы ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталған шара барысында әр түрлі ойын бағдарламалары ұйымдастырылды. Қызметкерлер бейресми жағдайда пікірлесуге мүмкіндік алып, өздерін ойын кейіпкерлері ретінде сезінді. Ол ойындар екі ұжым қызметкерлерінің іскери қарым-қатынас дағдыларын дамытып, бір-бірін жақсы тани білу, ашықтық, сенімділік деңгейін арттыру, тұтқиылды, ойламаған жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білуі үшін арнайы машықтарды дамытуға бағытталған.
⠀
Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, Ақмарал Мақсотқызына алғыстарын білдірді.