Жаңалықтар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Апат айтып келмейді. Әлдебір төтенше жағдай туындай қалса, оған күш құрылымдары ғана емес, жергілікті атқарушы билік пен өзге де салалар дайын болулары керек.

Бүгін филиалда «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында өткен Development Day барысында Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор, әскери ғылымдар магистрі Бақыт Абланұлы Асқаров семинар тыңдаушыларына төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, профилактикалық шаралар өткізудің жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде және жұмыс барысында туындауы мүмкін қауіптер және одан қорғанудың жолдарымен таныстырды.

Шара барысында тыңдаушылар тарапынан спикерге сұрақтар қойылып, пікір алмасты.