Көпшілік алдында сөйлеу және қоғаммен байланыс мәдениеті семинарынан өтіп жатқан тыңдаушыларымыз Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайында қонақта болды.
Тыңдаушыларымыз мұражайдан танымал суретшілердің суреттері мен қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысып қайтты.
Қылқаламның құдіреті мен тылсымынан сыр ұқтырып, қалың жұртшылықтың рухани ордасына айналған мұражайдан тыңдаушыларымыз рухани демалып қайтты.