«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату – әр мемлекеттік қызметшінің ең басты міндеті, сонымен қатар халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, оларды дер кезінде шеше білуі тиіс екендігін атап өтті.
⠀
Бүгін филиалда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары» тақырыбында біліктілік арттыру семинары басталды.
⠀
Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар БАҚ, ҮЕҰ және халықтан түскен сауалдарға жедел ден қою, жоғары орталықтандырылмаған жүйеден «төменнен жоғары» принципіне көшу, мемлекеттің халықпен электронды форматта өзара іс-қимылы бойынша «бірыңғай терезе» құру, мемлекеттік органдардың ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау, мемлекеттік органдардың ашықтығы мәдениетін қалыптастыру, халықпен және азаматтық қоғаммен тиімді коммуникация орнату бойынша кәсіби құзыреттіліктері мен тәжірибелік дағдыларын дамытады.
⠀
Дәріс барысында тәжірибелік кейстер талданып, интерактивті пікірталастар өткізілетін болады.
Сонымен қатар, семинар барысында тыңдаушыларға жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2022 жылға арналған Академияның оқуға қабылдау ережелері туралы ақпарат берілді.