27-31 қаңтар аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – халықпен және азаматтық қоғаммен тиімді коммуникация орнату бойынша кәсіби құзіреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамыту.
Семинар барысында қатысушылар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын меңгеріп, мемлекеттік қызметшінің этикасы мен мінез-құлық нормаларын талқылады. Сонымен қатар, халықпен тиімді кері байланыс орнату әдістерін үйреніп, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу дағдыларын жетілдірді.
Қатысушылар коммуникациялық кедергілерді анықтау және оларды еңсеру тәсілдерін зерттеп, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті мен әлеуметтік жанжалдардың алдын алу жолдарын қарастырды.