Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

3 маусым күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған балалар сурет байқауының қорытынды шарасы өтті.

Шараның мақсаты – балалардың Академия туралы түсінігін кеңейтіп, ұлтжанды, патриоттық сезімдерге баулу, тәрбиелеу.

Қазылар құрамына 20-ға жуық сурет ұсынылып, үздік шыққан жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы грамоталармен қоса, естелік сыйлықтармен марапатталды. Комиссия төрағасы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Кендір Отарбай Қанатұлы балалардың дарынына тәнті болып, ең үздік жұмыстарын ұсынғаны үшін алғыс білдірді.

Шара аясында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, Филиал ұжымына алғыстарын білдіріп, Академияны 30 жылдығымен құттықтады.

Өскелең ұрпаққа деген бүгінгі шынайы қамқорлық пен шексіз қолдауымыз жалғасын таба берсін!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)