Аталған тақырыпта бүгін филиалда орталық атқарушы мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілеріне біліктілік арттыру семинары өткізілді.
Семинар мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыруда кәсіби құзыреттер мен тәжірибелік дағдыларын жандандыру.
Семинар барысында тыңдаушылар ынтымақтастық және өзара іс-қимыл тәрізді тәжірибелік құзыреттіліктерді меңгеретін болады.
Мінез-құлықтың тиімді стильдері. Топта жұмыс жасау, әріптестермен өзара әрекеттесу. Кәсіби этика және өзара әрекеттесу мәдениеті жөнінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы кеңінен ақпарат беріп, талдады.
Өзара әрекеттесу тәсілдері мен әдістері. Тиімді ынтымақтастық бойынша құралдар мен қажетті дағдылар. Тәжірибелік кейстерді талдау тақырыбын Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлы өткізді.
Дәріс барысында тыңдаушылар мінез-құлықтың тиімді стильдері, кәсіби этика және өзара әрекеттесу тақырыбына тоқталып, өзара топтық жұмыста белсенділік танытып, алған білімнің нәтижесін қорытындылады.