2024 жылғы 27 қарашада Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлының қатысуымен онлайн форматта ақпараттық кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратураға қосымша қабылдау процесі мен конкурстық іріктеу кезеңдері туралы ақпарат беру. Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мәслихат аппараттарының мемлекеттік қызметшілері, мәслихат депутаттары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өкілдері қатысты.
Талғат Жәрдемқұлұлы өз сөзінде Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің базасындағы білім беру ерекшеліктеріне тоқталып, модульдік оқыту бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, модульдік оқыту жүйесінің тиімділігі мен артықшылықтарын атап өтіп, қызметкердің кәсіби деңгейін арттырудағы Академияның рөлін ерекше атап көрсетті.
Кездесу барысында қатысушылар магистратура бағдарламаларына қатысты сұрақтарын қойып, жауап ала алды.
Айта кетейік, модульдік оқыту қағидаты бойынша құжат қабылдау 30 қарашаға дейін жалғасады.
Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса, мына нөмерлерге хабарласа аласыздар:
+7 (7122) 51 94 92;
+7 (702) 820-85-60
Посмотреть эту публикацию в Instagram