Жаңалықтар

ЖАС БАСШЫЛАР ҮШІН ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

08-26 сәуір аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы ұйымдастырылды.

Мақсаты – кәсіби өзара әрекеттесіп, Soft skills пәндері мен практикалық сессиялар арқылы мықты жақтарын анықтап, мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді жетілдіру.

Курсы аясында 23 сәуір күні арнайы тыңдаушылар мен қызметкерлер үшін Академияның Адами ресурстарын басқару институтының HR – аналитика секторының меңгерушісі Көмекбаев Али Амантайұлымен «Guest Talk мотивациялық кездесу» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында Али Амантайұлы кәсіби маман ретінде дамудағы кеңестермен бөлісіп, қоғаммен коммуникацияның маңыздылығы туралы ой қозғап, өз тәжірибесіндегі қызық кейстер жайлы айтты.

Жас басшылар өзгерістерді басқару процесінде алған білімдерін қорытындылау мақсатында жобаларын ұсынып, өзекті мәселелерді шешу бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеп, аналитикалық дағдыларын дамытты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)