Жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 13-31 мамыр аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталды.

Курстың мақсаты – жас мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерін дамыту.

Курс аясында тыңдаушылар бастамашылдық және жауапкершілік, витальді және эмоционалды интеллект, тайм және стресс менеджмент, коучинг, әдеп және парасаттылық тақырыптары бойынша білімдерін арттырып, жобаларды басқару бойынша кәсіби құзыреттіліктерін, жеке қабілеттері мен дағдыларын жетілдірді.

Тыңдаушылар мемлекеттік қызметтің әр түрлі сала бойынша жобалық жұмыстарын сәтті қорғады.

«Қазақстандағы су ресурстары мәселелері»;
«Лудомания»;
«Нашақорлық – қоғам дерті»;
«Мемлекеттік органдардағы кадр тапшылығын жою»;
 «Жас кәсіпкерлер арасында ақпараттық қолжетімділікті және сауаттылықты арттыру»;
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау» тақырыптарындағы жобалар қызығушылық туғызып, комиссия мүшелері тарапынан жоғары бағаларға ие болды.