Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білу әр адам үшін маңызды. Осыған орай, 21 ақпан күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Даму күні» аясында Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ануарбеков Дарын Еркінұлымен семинар тыңдаушыларына «Жер сілкінісі – ең қайғылы және ең қауіпті табиғи апаттардың бірі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жер сілкінісі туралы семинар тыңдаушыларын ақпараттандыру, сақтық шараларын қалыптастыру.
Аталған шарада жер сілкінісінің қауіптілігі, Атырау облысындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жататын қала, аудандар тізімі, жедел сөмкенің құрамы, жер сілкінісі кезіндегі алғашқы көмек туралы ақпараттар айтылды.
Семинар тыңдаушылары жер сілкінісіне қатысты толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.