Жаңалықтар

ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ – ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАСҚАРУ ТРЕНДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинары басталды.

Семинарды Филиал директоры Азамат Әбділқаилұлы Бекіш ашып беріп, тыңдаушыларға сәттілік тілей отырып, Академияға 2022 жылы магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ережелері мен Академияда оқудың артықшылықтары туралы айтып өтті. 

Семинардың мақсаты – Атырау өңірінің аумақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру Жобалық офисінің қызметін ұйымдастыру және жандандыру бойынша жобалық ойлау біліктілігін арттыру, қатысушыларға шектеулі ресурстар жағдайында мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жобалық менеджменттің практикалық құралдарын беру болып табылады.

Семинар барысында тыңдаушылар  жобалық менеджмент технологияларымен, атап айтқанда, идеяны бастамашылдық ету, оны жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау, аяқтау процестерімен толық танысып, трансформациялық ойлау және жобалық менеджмент негіздерін меңгеретін болады. Сонымен қатар, жобаларды басқару бойынша Ұлттық стандартпен қатар өзгермелі әлемде өзгерістерді басқару, осы саладағы озат тәжірибені зерделеумен бірге жаңашыл идеяларды жүзеге асыру жолдарын қарастырады.

Интерактивті семинар өткізу дәріскері ҚР СТ ISO 21500 Жобалық басқару бойынша сертификатталған тренер-консультант, педагогика ғылымдарының магистрі Тілеубергенова Райхан Мажитқызы жүргізеді.

Семинар нәтижесі бойынша қатысушылар ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі жетекші» деңгейі бойынша сертификаттаудан өтеді.