Жаңалықтар

ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ: ҚР СТ ISO 21500 – 2014 СЕРТИФИКАТТАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ

 
 

18 – 22 шілде аралығындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.✅
 
Семинардың ашылу барысында Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы сөз сөйлеп, тыңдаушыларға жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500 – 2014 сертификаттауынан сүрінбей өтіп, сәтті аяқталуына тілектес екенін жеткізді.
Дәрісті Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары, экономика магистрі, IV деңгей бойынша сертификатталған «Тренер кеңесші» Ғазизова Лаура Бауыржанқызы өткізді.
 
Семинар барысында:
 
Мемлекеттік секторға жобалық менеджментті енгізу;
Халықаралық тәжірибе. Жобаларды басқару стандарттары;
ҚР ISO 21500 – 2014 ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ;
Жобаларды басқару деңгейлері: жоба, бағдарлама, портфель;
Жобаларды басқару және олардың өзара байланысы түсініктеріне шолу;
Адамдар және процестер. Жобалық менеджердің құзіреттері
секілді тақырыптар қамтылады.