Жаңалықтар

ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ: ҚР СТ ISO 21500-2014 СЕРТИФИКАТТАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ

 

8-12 тамыз аралығындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.

Алғашқы күннің дәрісін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының профессоры Есберген Раушан Әкімгерейқызы өткізді.
 
Семинар барысында:
 
Мемлекеттік секторға жобалық менеджментті енгізу;
 
Халықаралық тәжірибе. Жобаларды басқару стандарттары;
 
ҚР ISO 21500-2014 ұлттық стандарты;
 
Жобаларды басқару деңгейлері: жоба, бағдарлама портфель;
Адамдар және процестер. Жобалық менеджердің құзіреттері сияқты тақырыпшалар қамтылады.
 
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!