Жаңалықтар

ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ: ҚР СТ ISO 21500-2014 СЕРТИФИКАТТАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ

27-31 наурыз аралығындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.

Дәрісті Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Тілдерді дамыту және талдау бөлімінің басшысы, ҚР ISO жобалық менеджмент саласындағы Ұлттық стандарттарға сәйкес IV деңгей бойынша сертификатталған «Тренер-кеңесші» Қуаныш Айгүл Базарбайқызы өткізетін болады.
 
Семинар барысында:
 
Мемлекеттік секторға жобалық менеджментті енгізу
Халықаралық тәжірибе. Жобаларды басқару стандарттары
ҚР ISO 21500-2014 ұлттық стандарты
Жобаларды басқару деңгейлері: жоба, бағдарлама портфель
Адамдар және процестер. Жобалық менеджердің құзіреттері сияқты тақырыпшалар қамтылады.
 
Сертификаттау емтиханында қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!