Жаңалықтар

ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ: ҚР СТ ISO 21500-2014 СЕРТИФИКАТТАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ

24-28 сәуір аралығындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.

Алғашқы күннің дәрісін ҚР ISO жобалық менеджмент саласындағы Ұлттық стандарттарға сәйкес IV деңгей бойынша сертификатталған «Тренер-кеңесші» Қуаныш Айгүл Базарбайқызы өткізді.
 
Семинар барысында:
 
Мемлекеттік секторға жобалық менеджментті енгізу
 
Халықаралық тәжірибе. Жобаларды басқару стандарттары
 
ҚР ISO 21500-2014 ұлттық стандарты
 
Жобаларды басқару деңгейлері: жоба, бағдарлама портфель
 
Адамдар және процестер. Жобалық менеджердің құзіреттері сияқты тақырыпшалар қамтылады.
 
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!