Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21502-2022 сертификаттауға дайындық» тақырыбында 5 күндік біліктілікті арттыру семинары өтуде.
Семинардың басты мақсаты – қатысушыларды ҚР СТ ISO 21502-2022 «Жобаларды басқару бойынша нұсқаулық» стандарты бойынша сертификаттауға дайындау және осы сертификаттаудан табысты өту үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгерту.
Семинар аясында қатысушылар жобалық менеджменттің негізгі қағидаттары, ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптары, жобаларды басқару тұжырымдамалары туралы дәрістер тыңдап, жобаны басқару контексті, жобаның өмірлік циклі тақырыптарына қатысты интерактивті пікірталастарға қатысады.
Қатысушылар жобаны басқару әдістері, жоба мазмұнын басқару құралдары, жоба графигі мен шығындарын тиімді басқару тақырыптарын терең меңгереді.