7 маусым күні Жылыой ауданы әкімдігі қызметкерлеріне Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы Академияға оқуға түсу ережелері мен іріктеу кезеңдері туралы ақпараттық сессия жұмыстарын жүргізді.
«Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 6 магистрлік, 3 докторлық бағдарлама бойынша және өндірістен қол үзбей оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Оқуға құжаттарды қабылдау онлайн форматта Академияның арнайы ақпараттық жүйесі арқылы 1 сәуірден 26 маусымға дейін жалғасады. Магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл, ал докторлық бағдарламалар үшін 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген», – деді Кабинет меңгерушісі.
Толық ақпаратпен www.apa.kz сайтында танысуға болады.
Байланыс телефондары: +7 7172 75 33 95, +7 7172 75 31 62, +7 7122 492294, +7 7122 519492, +7 708 565 56 59.