Жаңалықтар

Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалында 04-08 қыркүйек  аралығында «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылып өткізілді. Біліктілікті арттыру семинарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Енсегенова Айнұр Аманжолқызы, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Алтыбай Данияр Алтыбайұлы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Абсиметов Арман Болатұлы және Филиалдың профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы дәріс оқыды. 

Біліктілік арттыру семинар барысында:

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын басқару;
  • Қызмет тұтынушылардың қанағаттану деңгейін анықтау;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсетудегі проактивті тәсіл;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсетуде адамдарға бағдарлану тақырыбында дәрістер қамтылды.